Posted by: vkototy on: Қаңтар 4, 2012
Әні-міне дегенше, 2011 жылдың күнтізбесін де аяқтаппыз. Биыл да қалам ұстап, жыл қорытындысын жазуға отырдым. Жыл бойына есте қаларлықтай оқиғалар тізбегін елестетіп, ойға шомдым. Сонымен, 2011 жылдың қаңтар айының бірінші аптасында, интернетте де, қала жұртшылығы да у-шу. Не үшін? «Ғашық жүрек…» фильмі кинотеатрларда көрсетіліп жатқаны, біздің қалаға да келіп жеткені… «кім барды, кім барған жоқ? Шынымен қызықты ма екен?…» осындай төңіректе әңгімелер. Read the rest of this entry »
Posted by: vkototy on: Қаңтар 4, 2012
Жылдың цитатасы: «Өмір бізді не нәрсеге үйретсе де, жүрек бәрібір ғажайыпқа сенеді…»
Жылдың ең үздік танысулары: блог-құрылтайда танысқан достар легі
Жылдың үздік тағамы: «жалқау голубцы» /орамжапырақты турап әзірлейді/
Жылдың үздік сусыны: лимон қосылған «TESS» көк шайының дәмі ерекше.
Жылдың үздік әсері: екінші рет қайын апай атануым…:) Read the rest of this entry »
Posted by: vkototy on: Желтоқсан 27, 2011
Әке! Осы сөзді енді ешқашан дауыстап өзіңе айта алмайтынымды ойласам, қабырғам қайысады. Сырқаттанып қалғаныңды ести сала, ауылға барып қарашаның 13-і күні қалаға алып шыққаным көз алдымнан кетер емес. «Бармаймын» дегеніңе қарамастан, «Он күннен кейін өзім әкеп тастаймын,тексеріліп қайтыңыз» дегенде, сол cөзді құдай аузыма салған шығар. Неге ғана сонда жаман ырым бастап, үйден шығарда жыладым екен десеңші? Ал сен болсаң, жылап тұрған маған да, аулада бізді шығарып салып тұрған анама да бұрылып қарамастан, үнсіз көлікке отырдың. Ауруханаға жатқызып, күні-түні палатада қасыңда отырдым. Алайда күн сайын әлсірей бердің. Екеуіміз де көз ілмей бірнеше таңды қатар атырдық. Сен тек ауылыңды аңсап жаттың. Алаңдаған анам да, балаларың да, артыңнан ерген бауырларың да тегіс жиналдық. Бас-аяғы он күннің ішінде өмір мен өлім арасында арпалысып жатқан өзіңді ауылға жеткіздік. Read the rest of this entry »
Posted by: vkototy on: Қазан 26, 2011
Осындай атпен қазан айының 15-і мен 24-і күндері аралығында Семей қаласында көрме-жәрмеңке өтті. Үндістаннан келген қонақтар қалалықтарға өз елдерінің салт-дәстүрін, қолөнері мен мәдениетін дәріптеді. Үндістаннан мұндай көрме Семей жеріне күнде келе бермейді, сондықтан қызық көріп тамашалап жатқандар көп болды. Демалысты пайдаланып, соңғы күндерінің бірінде құрбымды ертіп, мен де бардым. “Ертегідей Үндістан” деп аталған көрме-жәрмеңкеге келген адам шынымен де өзге елде саяхаттап жүргендей әсерде болады екен. Үнді елінің 37 штатынан әкелінген түрлі әшекейлер мен ұлттық нақыштағы киімдер, кілемдер көздің жауын алады. Read the rest of this entry »
Posted by: vkototy on: Қазан 19, 2011
Бірде таңертең кабинетіме алып-ұшып бір қыз кірді: «Сәлеметсіз бе, «Қайырлы таңнан» шығып едім, эфирлік анықтаманы сіз береді дейді ғой?». Жүзі де мейірімді. Аты-жөні – Мәдина Бақтыбаева екен. Оныңкөзі бірден жұмыс үстелімде жиналып тұрған сувенирлерге түсті. «Ой, мында оригами жетіспей тұр ғой, мен жасай аламын, әкеп берейін!?» демесі бар ма? Шыны керек, оригами өнерінен хабарым аз-тұғын, тек балалық шақта қағаздан қайық жасап, көктемде жылғалармен ағызып ойнағаным ғана есімде. Read the rest of this entry »
Posted by: vkototy on: Қыркүйек 22, 2011
Жас ақын Ержан Жұмабековтің шығармашылығынан.
Ержан Жұмабеков 1987 жылы 23 мамырда Үржар ауданында дүниеге келген. Семей қаласындағы ҚазИГЗУ-ін тәмамдаған. Өлеңдері «Өсер өркен» жыр жинағына енген, республикалық, қалалық басылымдарда жарияланып тұрады. «Қазақстан» ұлттық арнасында өткен «Аламан» айтыстың финалында бақ сынасқан ақын. ІХ-шы «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты.
Posted by: vkototy on: Қыркүйек 14, 2011
Шілде айында құрбым Зухра Ақтауға жиен сіңлісін ұзата барып келген еді. «Каспийден теріп алдым, сен осындайға әуес едің ғой» деп тойдың сарқытымен қоса бір уыс ракушкаларды қолыма ұстатты. Содан бері блогыма жазайын деп сәті түспей жүрген еді.
Егер жаздыкүндері теңіз жағалауында серуендеген болсаңыз, құм арасынан толқын тасқынымен шығарылып тасталған теңіз ракушкаларын әсте көрген шығарсыз. Мұндай ракушкалар әдетте іші қуыс, бос болады,яғни өліп қалған кейбір теңіз жәндігінің бұрынғы «үйшігі» деп түсінген дұрыс. Дей тұрғанмен, ракушкалар орманды алқаптарда да, өзендерде де кездеседі екен. Read the rest of this entry »
Posted by: vkototy on: Қыркүйек 13, 2011
Қыркүйектің 03-і күні әкемнің Алматыдағы інісінің ұлы үйленді. «Той десе қу бас домаламай» тұра ма? Елден қалмай мен де барып қайттым. Жұмыстан 1 күнге ғана сұранғандықтан, ертесі қайтуға тура келді. Шығарып салуға келген апа-жездем, бауырым мен келінімнің беттерінен сүйіп,қоштасқан соң, вагондағы орныма келіп отырдым. Күн батып кетті. Жүру уақыты-кешкі 20.30-да. Жанымдағы орындарға 2 қыз жайғасыпты. Алакөлеңкеде зер салғанда біреуі студент,екіншісінің жасы мен құралпас көрінді. Жөн сұраса келе ұққаным, үлкені – Әсел Семейден, ал Гүлдана деп танысқан кішісі Керекуден екен. Алайда менімен түйдей құрдас болып шыққан Әсел поезд жүргенше кіріп-шығып байыз таппады. Біз орнымыздан жылжыдық. Қыз да келіп отырды. Біраздан соң ол тезере жаққа жалтақтаған қалпы, көз жасына ерік берді. Тым жас болса жарайды дейсің –ау, ал мына құрбының ағыл-тегіл жылағанына жан-дүнием дір-р-р етті. Read the rest of this entry »
Posted by: vkototy on: Тамыз 26, 2011
Posted by: vkototy on: Тамыз 26, 2011
Бала кезімізде күзді күні ауылдың айналасына егілген бидай, күнбағыс, жүгері алқаптары жайқалып тұратын. Біздер, маңайдағы ұсақтар, шыдамай, бір-бір велосипедке мініп алып, егістікке барып, шала-мала піскен жүгері собығын шетінен ақырын үзіп, үйге әкеп, пісіріп жейтінбіз. Тұз сіңіп піскен бұрқыраған иісі де керемет еді…
Ал қалада жаздың соңын ала сауда-саттық жерлерде сатыла бастайды. Бұрындары орталық базарлардан ғана көретінмін, биылғы жылы мен тұратын Цементшілер ауданында да не көп, жүгері сатып отырған апалар көбейіп кетіпті. Кешкісін жұмыстан қайтып жатқан ел жапа-тармағай алып жатады. Егер сіз де сатып алып, жеп жүрсеңіз…мен сияқты…
адам ағзасына тигізер пайдасын білген де артық етпейді. Жүгерінің емдәмдік /диеталық/ көкөністерге жататынын білуші ме едіңіз? Read the rest of this entry »
Соңғы пікірлер