Ұшырсам сені көгіме!

Түйіндеме-2011

Posted by: vkototy on: Қаңтар 4, 2012

Әні-міне дегенше, 2011 жылдың  күнтізбесін де аяқтаппыз.  Биыл да қалам ұстап, жыл қорытындысын жазуға отырдым. Жыл бойына есте қаларлықтай оқиғалар тізбегін елестетіп, ойға шомдым. Сонымен, 2011 жылдың қаңтар айының бірінші аптасында, интернетте де, қала жұртшылығы да у-шу. Не үшін? «Ғашық жүрек…» фильмі кинотеатрларда көрсетіліп жатқаны, біздің қалаға да келіп жеткені… «кім барды, кім барған жоқ? Шынымен қызықты ма екен?…» осындай төңіректе әңгімелер. Бір жағы…қаңтар айында Семейдің жылу жүйесі «қатып қалды…». Көңілде «Ғашық жүректі…» көретіндей абыну жоқ еді,  дегенмен бардым. Кинотеатр жылу жүйесінен мүлдем ажырап калыпты. Үрлесең, бу шығады. Далада 40 градус аяз. Даңғарадай суық кинозалда тапжылмай отырып кино көріп, суық тиіп ауырып, 2 аптадан соң әзер тәуір болғаным есімде. Ақыры сол суық қала басшылығына да «тиіп», «жаңасы» келіп отырды. Ондайға үйренген халық әдеттегідей тірлігін жалғастыра берді. Ақпан айында  кезінде «Мәссаған» ұлттық порталы арқылы танысқан, Кереку өңірінің «елім», «тілім» деп жанын бере жүретін азаматы Арман аға Семейге іссапармен келгенде танысудың реті келді.  Ойбооой, көгілдір көктеммен жарыса, Алматы қаласында  наурыз айында дүркіретіп өткізген құрылтайды да айтпаса болмас. Ол жайында блогтарда жарыса жазылып еді. Мен бақандай 3 жазба арнаппын.  Сондықтан, аз-маз ғана  тоқталып өткенді жөн санадым. Құрылтай барысында,небір қызық-қуаныштарға көзайым болып едік. Наурыз мерекесін де әсем Алматыда өткердік. Ойламаған жерден сәуір айында пошта байланысы арқылы «Мәссаған» порталында жырларымен тәнті еткен Ақтаудағы ақындардың бірі – Ислам Қосжан ағамыздан кітап келіп жетті.  Теңіз жағалауымен мұңдас, үндес өлеңдерді тебіренте дүниеге әкелген ағамызға да шығармашылық табыс тілеймін. Дәл осы айда Семей қаласында «Мінбер» журналистерді қолдау қорының басшысы, журналист Есенгүл Кәпқызы келіп, өңір журналистеріне /ПРООН арқылы/ өткізген семинар-треннингіне қатысып,сертификат алдым.  Блогымда «Сұхбат» айдарын ашқаныма да көп уақыт өте қоймаған еді. Сәті түсіп, сүйікті әнші қыздарымыздың бірі, «Мен сыйған тартқан орамалдан» кейін тыңдармандарын «Жүрек назы» әнімен баураған Роза Әлқожаның мамыр айында гастрольдік сапармен келгенін пайдаланып, сұхбат алғаным мен үшін зор қуаныштардың бірі болып табылды. Сонымен қатар, ән жинағын ұтып алдым. Тағы бір айта кететін жайт, мамыр айында «Мінберден» түлеп ұшқан блогтар  1 жасқа толдық.  Оған жеке жазба арнаған едім. Қаз-қаз басқан блогымыз жаныңнан шыққан ішкі сырларың, ойларың, көз-қарастарың, достарыңмен үнемі байланыста болуыңа өзіндік ықпал етері сөзсіз. Амал қанша, блогтар қазір /нақты себебін білмедім/ бұғаттаулы. «Операмен» азер кіріп, осы жазбамды орналастыру өзі жыр болды. Маусым айында  «Баспасөз,теледидар және радио күні-журналистика  күніне» орай, бірге қызмет істеп жүрген әріптестерім, блог жүргізіп жүргенімді ескеріп, аға буын журналистер өкілдерімен бірге эфирге таңертеңгі «Қайырлы таң» бағдарламасына шақырды. «Блогшы» деген атымызға тырысып, блог ашу,оны жүргізу төңірегінде бірнеше сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірімді ортаға салдым. Шілде айында отбасымызда үлкен қуаныш болды. Шаңырағымыздың иесі, бауырым Берікжан келін түсіріп, тойдың әлегімен уақыттың зымырап өткенін де білмей қалдым. Тамыз айында тұңғыш рет «қаламақы» деген дүниені қолыма «ұстап» көрдім. «Мінбер» журналисттерді қолдау орталығы» Қоғамдық қоры  MediaNet Халықаралық журналистика орталығымен бірлесе отырып, ауқымды жобаны – «Отандық қазақ тілді масс-медиа контентіне зерттеу жүргізуді жүзеге асыратындығын» хабарлаған болатын. Сол жобаға Семей өңірі бойынша координаторлықты атқарып,  үлес қосудамын. «Мінберден» алған сыбағамды пайдаланып, сәті түспей жүрген Астана қаласына дәм бұйырып,барып қайттым. Қыркүйек айында  немере бауырымның тойына Алматы қаласына барып қайттым. Бұл тойдың мен үшін бір ерекшелігі,көптен көрмеген туыстарымызбен бас қоссақ, екінші бір себебі «Екі жұлдыздың» екінші маусымынан кейін «сүйікті» әншілерімнің тізіміне енген әнші Маржан Арапбаеваның ерекше құбылта салған әндеріне тәнті болдым. Бірақ, асабалықты атқарған белгілі тележүргізуші Рахман Омардың тойдың ең соңында үйленіп жатқан екі жасқа тост бергенін көріп, орындығымнан құлап қала жаздадым… :) Бәлкім, Алматының салты шығар… кім білсін… сөге жамандамай қайтайын деп…Семейге тарттым. Сонымен қатар, осы айда құрылтайда танысқан Мәншүк, Жаңылай, Даяна сияқты «саяхатшы,тойшыл» жас блогшылардың келіп кетуі де көңілді бір серпілтіп тастады.

         Шығармашылыққа келер болсам, жарнама агенттіктерінде қосымша аудармашылық табыс табамын деген күнкөрістің қамымен жүріп, биыл шабытты да «жоғалтып» алғандаймын ба, көбіне сол блогым мен қалалық газеттерге ара-тұра материал беруден аса алмай қалған жайымыз бар… Дегенмен, «жазу әлемі» үнемі жан-дүниемде менімен бірге!

Ал жылдың соңы,  мен үшін өмірімдегі ең ауыр соққы болды. Қыстың алғашқы күні, 1 желтоқсан күні таңғы сағат 8.30-да шаңырағымыздың бәйтерегі, бас-аяғы 10-15 күн ғана тұмаумен ауырған әкем Қуанышбек 67-ге қараған жасында өмірден озды. Күтпеген жерден қайғы жамылып,аңырап қала бердік. Ажал «алам» деп келсе, еш дүние көмек бере алмайды екен. Бізді койшы, жастай қалган жоқпыз, әкелік парызы төрт баласының алдында өтелді. Бәрімізді оқытты. Ештеңеден тарықпадық. Тек 4-ақ ай бұрын үйленген жалғыз ұлының қызығын көремін деп өмір бойы аңсаған арманына жете алмай, әкемнің дәм-тұзының  таусылғанына ішім удай ашиды. Басқа балаларының ішінен әкем мені бір төбе көрсе, менің де  сүйеніш-тірегім әкем еді, амал қанша, тағдырдың жазуына көнбей болмайды екен… Енді тек перзенттік сағынышқа толы ойларым ғана жадымда қалғандай күй кешудемін.

         Ал қызметке келсек, дәл осы желтоқсан айында өз ішімізде «Хабарлар тарату» бөліміне ауыстым. Бұл жердің де теледидар саласының «ішкі асханасының» қыр-сырын меңгеруге берері көп екен, шамам жеткенше үйреніп жатырмын. 

Сонымен, бүгін соңғы жұмыс күні. Қарбалас. Кеше ғана дүбірлетіп Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өтсек, ертең сағаттың түнгі он екіні соққанын асыға күтетін боламыз. Кімге қалай, бірақ, дәл мен үшін биыл жаңа жыл мейрамы «жоқ». Дегенмен де, өз оқырмандарымды, блогшы достарымды (бұғаттан кіре алған) шын жүрегіммен құттықтаймын. Жаңа жыл табысты болсын. Ең бастысы, береке-бірлігіміз ажырамасын деп тілейік!  

6 жауап to "Түйіндеме-2011"

Жаңа жұмыс орының құтты болсын!!!
біп кун істеп бірнеше кун дем алып қаласың олда керемет!

Жаңа жылда да жақсылықтар көп болсын! Жыл өткен сайын шығармашылық өсумен қатар өзіңнің де кәсібилігің артып келе жатқанын байқаған боларсың. Шолуыңнан соны байқап отырмын. Достарыңның аясы да кеңейіп келеді екен. Аллаһ сәтін салсын! Ойлаған игі армандарың орындала берсін!

[...] Тотының жазбасын оқыдым. Жақсы шолу жасапты. Өз-өзіңе есеп беріп [...]

Әкеңіздің арты қайырлы болсын, Тоты! Анонимейзермен кіріп отырмын, вордпресстің жабылуы да жылдың бір әділетсіздігі болды ғой…

Керемет шолу екен. Бір деммен оқып шықтым. Барлығы оңынан болғай

Жаңа жыл табыстарға толы болсын!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Көз жүгіртіңіз:

2010

Қаңтар 2012
Дс Сс Ср Бс Ж Сн Жк
« Dec    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  

Blog Stats

  • 47,409 hits

Қырға шығып көз салдым…

free counters

Ән-көңілдің ажары

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.