Ұшырсам сені көгіме!

Бірі мініп келместің кемесіне…

Posted on: Қараша 25, 2016

Кішкене кезінен аға-жеңгесі – атам Қабдолда мен апам Ғайнидің тәрбиесінде болған, әкемнің апайы,  9 баланың анасы, Өмірзақтай ғалым ұлды дүниеге әкелген Нәзигүл апам 88 жасында өмірден өтті. Бүгін Семей қаласында жиналған туған-туыс соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасуға бара алмағаным бар, оның үсті атам мен әкем есіме түсіп, көңілім бұзылып отыр. Атам «Нәзікен, Нәзікенім» деп отырушы еді. Ол кісілер Биғаш ауылдық округіне қарасты Комсомол кентінде тұрды. Сембай атамыз (жездеміз) ерекше бауырмал болатын, «ертең біз өлсек, осылар бір-бірін танымай кетпесін» деп жазғы демалысқа шыққан немерелерін, туған-туыстың бала-шағасын қасына жинап алатын. Үлкендер негізі біледі ғой, қазір сол заманға келе жатырмыз…

Атам Қабдолда ашаршылық жылдары «бала аштан өліп қалар» деп Нәзікен апамызды үйге тастамай, арқалап алып жүреді екен. «Қараңғы түсе ауылдың шетіне іліктік, бір үйден жарты кесе «абырат» сұрап ішкізді, басқа жейтін ештеңе жоқ болды… Аға-жеңгем ерте тұрып, тамақ іздеп кетеді. Мен Әтіш атамның қасында қаламын. Ол кезде 5-6 жасар баламын. Бір күні ояна келіп «ата, ата» десем, көзін ашпайды, «қазір оянады» деп қасында жата бердім, сөйтсем қайтыс болған екен» деп сол зұлмат жылдардан есінде қалған үзік-үзік оқиғаларды айтып отыратын.

2012 жылы жазда Астанаға көшіп бара жатқанда арнайы бұрылып, апамызға «сау бол» айттық. Ағасы мен бауыры (әкем) есіне түсті ме, төркінін қимағаны ма екен «тастап кетіп барасыңдар ма?» деп көзінің жасын бір сығып алды. Үлкен кісіге қосылып, біз де жыладық. Апам цифр, дата дегеннен жаңылып көрген емес. Құлағы да жақсы еститін. Туған күндерімізді бір ұмытпайтын, қасындағы балаларының міндетті түрде ойына салып отыратын. Апамның жасаған дорба-дорба құрты қандай әппақ болатын. Барған сайын пештен шыққан ыстық тоқашқа тойып қайтатынбыз…  Биылғы еңбек демалысымда қол тимей, Семейге бара алмап едім, бірақ жиі-жиі телефон арқылы жағдайын біліп тұрдым (атамның баласымын ғой). Осыдан бір апта бұрын хабарласқанымда, тұтқаны көтерген қызы Әлиядан «Ол кім?» деп сұрап жатқан дауысын естідім. Қоңырау шалған сайын «қуатым, жарығым, күнім» деп мәз болып қалатын Нәзигүл апам енді ортамызда жоқ. Бала-шағасына бас болған алтын апам… Жатқан жері жайлы болсын!

2 жауап to "Бірі мініп келместің кемесіне…"

Апаң алдынан жарылқасын,Қайғыңа ортақпын. Алланың салғанына қолдан келер шама барма өзің аман бол Тоты!

Шіркін Тотықұсым ай әттең заман ағымымен жанталас өмірде емін еркін қалам тарта алмай жүрсің ау…Сенің жазбаларыңды оқығанда бала кездегі апталап соғатын қыстың боранды күндері,жалаңдап жанып жатқан қазақы пеш,оның құдығы жанына жайлап салған қалың көрпе жастықта бұйыға ысқыра соққан желді боранның даусымен жарыса,қызыға оқыған кітаптар ондағы оқиғалар көз алдыңа еріксіз елестейді.Керемет тартымды әрі әсерлі жазылған шығарма! Қаламың мұқалмасын уақытың шекетелмесін жазған үстіне жаза түс қызым

Пікір қалдыру

Көз жүгіртіңіз:

2010

Қараша (2016)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  

Blog Stats

  • 256  873 hits

Қырға шығып көз салдым…

free counters

Ән-көңілдің ажары