Ұшырсам сені көгіме!

Archive for Мамыр 2018

20180505_215508Атам Қабдолда – соғыс ардагері (блогымда жыл сайын жазып отырамын). Үйдегі кішкентай Балжан (шөбересі) Жеңіс күні қарсаңында балабақшада өтетін іс-шараға қажет дегеннен кейін альбомның арасында сақталған атам Қабдолданың фотосын қайта жаңартып бастырдық. Соғысқа қатысты деген естелік медальдарын бала күнімізде жоғалтып тастаған едік. Куәліктері үйдегі ескі құжаттардың арасында жататын. Оларды тауып алып, көшірмесін жасаттық. Куәліктегі 1946 жылғы жазу сол күйі сақтаулы екен. Әкемнің інісі Қонысбек ағам бала күнінде атамның өз аузынан естіген әңгімелерін күні бүгінге дейін ұмытпай айтып отырады. Сол естеліктерден бір-екі ауыз сөз қосып, балабақшадағы ертеңгілікке қажетті ақпаратты дайындап өткіздік. Кеше апасы балабақшадағы Жеңіс күніне арналған ертеңгілікке барып келді. Балжан ән айтып, би биледі. Көпшілікпен бірге атасының суретін көтеріп шықты.

Read the rest of this entry »


Көз жүгіртіңіз:

2010

Мамыр (2018)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  

Blog Stats

  • 256  851 hits

Қырға шығып көз салдым…

free counters

Ән-көңілдің ажары