Ұшырсам сені көгіме!

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Posted on: Маусым 4, 2020

undefined Суреттегі кісі менің нағашы атам – Сүйесінов Әбілбек. Ақсуаттағы Көкжыра ауылының тумасы (ШҚО). Елдегі атқамінерлермен бірге 1938 жылы ұсталып, ату жазасына кесіледі. «Жапон тыңшысы» деп жала жабылған екен. Ағайын-туғанымен қоштасып, «мен болсам қайтып келмеймін, мұны енді кім киеді?» деп босағада тұрған құрым етігін киіп кеткен екен. Содан ұзақ жол жүріп, Семейдегі абақтыға алып келген кезде нағашы атамның аяғындағы етікке түрменің бастығының көзі түсіпті. Былғарыға қызыққан ғой. Қолма-қол аяғынан шешіп беріпті. Нағашы атамның тағдырын сол былғары етік шешіп, ату жазасынан аман қалған екен. Содан жазасын өтеушілерді Семей мен Бесқарағай ортасындағы бір жерде (пристань-мостик) түрменің малын бақтырып, орманның ішінде қара жұмысқа салған екен. Осылайша үлкен қиындықты басынан өткеріп, кейін еліне аман-есен оралып, ағайын-туғанымен қауышады. 1958 жылы толық ақталады. Одан кейін ауылда талай жауапты қызметті атқарады. Атам 1990 жылы шілде айында 80-нен асқан шағында өмірден өтті.
Нағашым Нурлан Суйесиновтің айтуы бойынша жазып алынды.

Пікір қалдыру

Көз жүгіртіңіз:

2010

Маусым (2020)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Blog Stats

  • 256  873 hits

Қырға шығып көз салдым…

free counters

Ән-көңілдің ажары