Ұшырсам сені көгіме!

Үзінділер-3…

Posted on: Маусым 4, 2010

…Өткен өмір-аққан су тәрізді ғой. Алыстап бір кеткен екен, қайта орнына келмейді… 

…Жер дүниені түнек басып, қараңғылық жапқанымен, кейде алыс қиырдан үміт жұлдызындай бір жарық сәуленің қылаңдап көрінетіні бар-ау! Жазықсыз жапа шегіп, жаның жабырқап жүрген кезде жолыққан әйел махаббаты да сол сияқты. Мұндайда ер-азаматтың тәуекелі жетпейтін жерге қыздардың дәті барады. Өйткені, әйел-тіршілік көзі. Аспаннан мың бір пәле жауса да, тіршілік тоқтап қалуға тиіс емес. Қарлы шыңда жартасты жарып шыққан еңлік гүліндей,әйел махаббаты да гүл ашпай тұрмайды.

 …Тіршіліктің бәрі бірдей салқын ақылға көне бермейді екен. Ақыл шегініп, сезімге орын беретін де кездер болады…  /Қ.Жұмаділов, Таңғажайып дүние/

 …Кейде адамның көш басшысы асау арман, ұшқыр үміттен көрі, бір сәттік тілек, бір сәттік  аңсау болатыны  бар. Өмірден қаншама қияпат қиындық көріп, таяқ  жеп жүрең де, әлденені аңсайсың, соған  талпынасың… /О.Бөкей, «Елең-алаң»/

 …Сенімен қосылып,қол ұстасып, тірлік кешу маған аса қорқынышты секілді. Мен..мен саған  сенің қиялшыл,момақан,мұңлы өміріңе көндіге алмаймын ғой…  Осы қыз түікті түсінбейтін милау демеші… мені мерт еткен – сол артық түсінігім шығар… Қайдам.. Адам кейде өзін өзі жоғалтып алады екен. Адам кейде тапа тал түсте өз  көлеңкесінен өзі шошынады екен. Сенімен бірге ғұмыр кешуден  әлдеқайда мәнді,әлдеқайда бақытты қимас минутым болып қалатын кешті -өзің айтқандай,іңкәр кешті басымнан өткерсем,  саған да, өзіме де жасаған шипалы жақсылығым болар. Мен сені өмірімнің бар мазмұнындай аялап, ардақтап өтейін. Қосылмадық деп қиналма, мүмкін соның өзі жақсылық болар түбінде.

…Біздің ерлі-зайыпты болмағанымыз шын сүйгеніміз болғай,жаһұт нұрлы жанымызды жаралап алар ма едік,бірге тұрсақ. Алыстайықшы… Алыстан зарыға сағынысайықшы,сарғая еске алайықшы бір бірімізді…

Көңілдегі көрікті ойдың бәрі гауһардай жанған жарасыммен сыртқа сытылып шыға бермейді ғой…   /О.Бөкей, «Елең-алаң»/

 …Айнала толған мұң. Мүмкін маған ғана солай сезілер. Өзге жұрт қайғысыз қара суға семіріп жүр. Мен өз жүрегімді пәршелеген сықпытсыз сырымды кімге айтамын. Тауға шығып,айқай салсам, кең жазиралы төскейге жар салсам, әнге қоссам, жыласам, түк естіп,сезбейтін кереңге айтсам;

…Мен бір елең-алаң шақта өз өмір жолымды таба алмай,адасып жүрген секілдімін. /О.Бөкей, «Елең-алаң»/

 …Адам өмірі ұзын сонар сапар, сол жолаушылық сапарда алдыңнан бір жамандық шықса, бір жақсылық  ұшырасады; бір өңкей шапағатты өмір жолы кезікпейді қалқам, күнгейі мен теріскейі алмакезек ауысып отырмақ;жер бетіндегі адамдар да тел қозыдай тең емес; бірі сүрінгенде сүйеу болуға әрқашан да әзір, қолдан келген жақсылығын ұсынуға ұмтылса, енді бірі бақайдан қағып, тірсектен ұруға тайынбайды; Бір қызығы екеуін де кінәлай алмайсың. /О.Бөкей, «Үркер»/

 …Өмір дегенің тұман.. тек шыр айналаңды шырмап-от орнындай жерді ғана болжай аласың.Алдыңда не күтіп тұр,білмейсің, өткеніңнен не пайда,есте қалмайды.   /Айпара –ана,О.Бөкей/

 …Адамдар адасу арқылы бір-бірін тауып, бір-біріне сүйеуші болады да. /О.Бөкей, Ұйқым келмейді/

 …Жалғанда ақылдың,ойдың,сезім мен жүректің соқырлығынан сақтасын,лайым… /Жылымық,О.Бөкей/

 

 

1 Response to "Үзінділер-3…"

…Жалғанда ақылдың,ойдың,сезім мен жүректің соқырлығынан сақтасын,лайым…
:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::
Үлкен бір қасірет қой.

Пікір қалдыру

Көз жүгіртіңіз:

2010

Маусым (2010)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  

Blog Stats

  • 257  044 hits

Қырға шығып көз салдым…

free counters

Ән-көңілдің ажары