Ұшырсам сені көгіме!

Archive for the ‘Оқыған шығармалардан үзінділер’ Category

І- том:

Ие, адам баласын мұңдастық таныстырады, мұңдастық достастырады, мұңдастық бірлестіреді ғой… (130-б.)

…Көңіл бұлты ашылғанда дүние көріктеніп, нұрлана қалғандай болатыны бар-ау… (330-б.)

…Адам көзінің отынан талай үміт күтуге болады… (359-б)

…Адам баласы береке-бірлікке кемдікпен емес, теңдікпен қана жете алады. Ынтымақ кеңдікте емес, теңдікте…(443-б.)

… өзім өмірдің анық білген, жете түсінген адамгершіліктің-елдіктің ең тәттісін айта кеткім келеді. Ол – татулық, достық. Меніңше, татулықтан тәтті «тағам” жоқ. «Бірлік болмай тірлік жоқ»…(449-б)

… Гүлге адамның көзі көп түседі. Бұлбұлға құлағы ұйиды. Бірақ, адам жүрегін екеуі де дәл ғашық жардай құмарлық отына тартып түсіре алмайды ғой… (483-б) Read the rest of this entry »

…Өткен өмір-аққан су тәрізді ғой. Алыстап бір кеткен екен, қайта орнына келмейді… 

…Жер дүниені түнек басып, қараңғылық жапқанымен, кейде алыс қиырдан үміт жұлдызындай бір жарық сәуленің қылаңдап көрінетіні бар-ау! Жазықсыз жапа шегіп, жаның жабырқап жүрген кезде жолыққан әйел махаббаты да сол сияқты. Мұндайда ер-азаматтың тәуекелі жетпейтін жерге қыздардың дәті барады. Өйткені, әйел-тіршілік көзі. Аспаннан мың бір пәле жауса да, тіршілік тоқтап қалуға тиіс емес. Қарлы шыңда жартасты жарып шыққан еңлік гүліндей,әйел махаббаты да гүл ашпай тұрмайды.

 …Тіршіліктің бәрі бірдей салқын ақылға көне бермейді екен. Ақыл шегініп, сезімге орын беретін де кездер болады…  /Қ.Жұмаділов, Таңғажайып дүние/ Read the rest of this entry »

Мен ойладым: «Өмір деген ғажап-ау, кеше ғана мынау жалпақ жаһанда А. есімді қыз барын білмеп едім, енді міне… демінің қалай шыққанына дейін сезіп, әп-әдемі дидарын көріп отырмын. Адамдар бір-бірін әрең іздеп табады, сонсоң іп-лезде жоғалтады. Сайып келгенде, өмір дегеніміз адамдардың бір-бірін тауып, қайтадан жоғалтуы емес пе өзі. Мүмкін…»  /О.Бөкей «Қасқыр ұлыған түнде»/

…Жер түгелдей мұз шарға айналып, мәңгіге  қатып-семіп, ыңырсығандай жүректі өзгеше суық сезім қариды…

Маған қыз да жақындап тақала отырғандай болды. Біздерді қоян-қолтық  қауыштырған, бәлкім, Алтайдың ақ бораны емес, аяз да емес, басқа… өзіміз ұғып, сезе бермейтін жастықтың  лыпып тұрмақ тартылыс күші ме; әлде жүректен  шым-шымдап  жасқана шығып, бойға тараған ұяң сезімнің жауратпай,  жатырқатпай жарастыққа бастаған қуаты ма; ішімнен ол сөйлесе екен, ойында не бар, түгел ақтарса екен деп тілеймін; табандап жақындап, адымдап қашатын тыз етпе алдамшы  үміт, адамның жастық шағымен келіп-кетер оңғақ сезім емес бұл-осы мәуріттің бақилығын арман етер тәтті хал, мұзды денеден жалындап шығар ыстық сүйіспеншілік;  сүйіспеншілік болғанда қыз бен жігіттің екеу арасындағы  күйдім-жандым ба, жоқ-жоқ, осы айнымас сәттің қымбаттылығын паш етер мұңлы минуттар, кейінірек зар еңіреп жүріп сағынатын бейкүнә отырыс, айтпай түсінісетін көңіл ұғыстығы шығар-ау  … /О.Бөкей «Қасқыр ұлыған түнде»/ Read the rest of this entry »

Ғажайып сезім- махаббат деген! Қара тасты  қақ жарып шығып, өзіне жол салған мұз балақтай, махаббат жаныңның  белгісіз бір түкпірінде пайда болады да, жолында тұрған сан бөгетке қарамастан бір жүректен екінші жүрекке жол табады. Кенет, көп адамның ішінен саған біреу ұнайды. Бұны кім, қалай түсіндіре алады? Бар болғаны сен оны сүйесің!… Бұл сұраққа  адам баласы жаралғалы әлі ешкім жауап беріп көрген жоқ, сондықтан да мұндай сұрақты қоюдың да қажеті аз. Оған жүрек қана жауап бере алар еді, ол тілсіз ғой. Сөз ақыл-ойға берілген, бірақ оның да айтары жоқ… Алайда , ақыл-ой, жүрек, сезім – бәрі бір тұтас.   /І.Есенберлин “Көлеңкеңмен қорғай жүр”/

 …Өзгені көп түсінетін ойшыл адам барлық уақытта бақытты бола бермейді. Олардың өмірі қол фонардың батареясы секілді, бар мейірімі мен жігерін өзгеге жұмсайды да, өзі түптеп келгенде энергиясыз қалады.Мүмкін соның өзі де бақыт шығар. Жалпы үлкен ұғымнан келгенде. Ал, жеке бастың ұғымынан келгенде, жақсы адамдардың  басым көпшілігі тіршілікте бақытты бола бермейді. Бір ғажабы- олар мұны бақытсыздық деп ешқашан есептемейді. Өйткені олар өзіне тиісті бақыттың басқаларға үлескенін біледі және маған тиесілі еді деп айтпайды. Жақсы адам болудың қиындығы да сонда./Д.Исабеков “Қарғын”/ Read the rest of this entry »


Көз жүгіртіңіз:

2010

Сәуір (2024)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Blog Stats

  • 256  921 hits

Қырға шығып көз салдым…

free counters

Ән-көңілдің ажары